Жаңалықтар

11.12.2024

ЕАЭО мен БАӘ экономикалық әріптестік туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді аяқтады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бен Ахмед Аль Зейуди экономикалық әріптестік туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны жайында хабарлады.

"ЕАЭО достас елдермен экономикалық әріптестік желісін белсенді қалыптастыруда. БАӘ-мен келісім — елдің өңірдегі жаһандық хаб ретіндегі рөлін ескере келгенде, маңызды асу. Келісім біздің мемлекеттер арасындағы саудаға қосымша серпім береді, ол бұрын-соңды болмаған өсуді көрсетеді, сондай-ақ кооперациялық байланыстарды дамыту үшін жүйелі негіз жасайды", — деп атап өтті Андрей Слепнев.
"БАӘ мен ЕАЭО ұзақ мерзімді өсу мен экономикалық әртараптандыруға ортақ берілгендікке негізделген жемісті қатынастарды дамытады. Экономикалық әріптестік туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді аяқтау біздің өзара іс-қимылымызды тереңдетеді және көптеген синергетикалық байланысты дамытуға мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті Тани бен Ахмед Аль Зейуди.


Келісім оған қол қойылғанға дейін мемлекетішілік келісудің тиісті рәсімдерінен өтуге тиіс.

БАӘ-мен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылғы желтоқсанда қабылдады. 2023 және 2024 жылдары келіссөздердің төрт раунды өтті.

Экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енгеннен кейін пұрсаттылықты режим өзара сауданың 90%-дан астамын және тауар номенклатурасының 85%-дан астамын қамтитын болады.