Жаңалықтар

09.12.2022 (Обновлено: 14.12.2022 16:11)

ЕАЭО БАӘ-мен еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастайды

Еуразиялық экономикалық одақ Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастайды. Тиісті шешімді ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары 9 желтоқсанда Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы барысында қабылдады.

"Бірлескен зерттеу тобының жұмысы БАӘ-мен еркін сауда аймағын қалыптастыру өнеркәсіп секторында 1300-ден астам тауар позициясы бойынша да, АӨК бойынша да біздің жеткізілімдеріміздің өсуі үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін көрсетті",- деп түсіндірме жасады Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Бұл ретте ол ЕЭК-тің алда тұрған жұмысқа тауарлар саудасының преференциялы режимін қалыптастырудан да кең қарайтынын атап көрсетті. Көп қырлы өзара іс-қимылдың өзектілігі Одақ елдерінің көптеген, соның ішінде инновациялық компанияларының Біріккен Араб Әмірліктеріне жоғары мүдделілігімен және қатысуымен, сондай-ақ бұл мемлекеттің халықаралық сауда және көлік-логистика хабы ретіндегі рөлімен расталады.

Бұдан басқа, Үлкен Еуразиялық әріптестік және "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі жағынан келгенде БАӘ-мен келісім ЕАЭО экспорттаушыларының бүкіл Парсы шығанағы елдеріндегі позициясын нығайту тұрғысында қаралады.

Андрей Слепневтің сөзінше, келіссөздер кезінде тараптар fast track режимінде қозғалуды және келесі жылғы наурызда-ақ бірінші раундты өткізуді ұйғарып отыр.

Анықтама

ЕАЭО мен БАӘ арасындағы еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу тобы (БЗТ) ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы сәуірдегі өкіміне сәйкес құрылды. Жүргізілген зерттеулерге негіздей отырып, БЗТ тиісті келіссөздерді бастаған орынды деп санады. Топ жұмысының нәтижелері, сондай-ақ болашақ келісімнің тұжырымдамалық ережелері осы жылғы 25 қарашада Комиссия Кеңесінің отырысында қаралды.

2015 жылдан 2021 жылға дейін ЕАЭО елдері мен БАӘ арасындағы өзара сауда көлемі 6,3 млрд долл. жетіп, 4 есе артты: ЕАЭО экспорты 4,7 есе өсті, БАӘ-ден импорт 47% қосты.