Жаңалықтар

24.11.2023

ЕАЭО 2024 жылы өнеркәсіптік өңдеу үшін ірі қара малдың етін әкелуге тарифтік жеңілдік береді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ет өнімдерін өндіруге арналған ірі қара мал етінің (ІҚМ) жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады

Мәселе 2024 жылы осы өнімді мынадай көлемде әкелу ықтималдығы туралы: Армения Республикасы үшін – 8,5 мың тоннаға дейін, Беларусь Республикасы үшін – 7,5 мың тоннаға дейін, Қазақстан Республикасы үшін – 5 мың тоннаға дейін, Қырғыз Республикасы үшін – 3,5 мың тоннаға дейін және Ресей Федерациясы үшін – 100 мың тоннаға дейін.

Кедендік-тарифтік реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы ет шикізатының тапшылығын толықтыруға, өңдеуші кәсіпорындардың дайын ет және шұжық өнімдерін өндіруді дамытуға, осындай өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ дайын өнім бағасының өсуін тежеуге бағытталған.

Тарифтік жеңілдік әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын уәкілетті орган растаған жағдайда, тек қана өнеркәсіптік өңдеуге және дайын өнімді өндіруге арналған ІҚМ етіне қатысты берілетін болады. Мұндай ет шикізаты негізінен ішкі нарықта өндірілетін жоғары сапалы сиыр етіне жатпайды. ЕАЭО-да қарастырылып отырған ет шикізатының тапшылығы негізінен Латын Америкасы мен Үндістан елдерінен импорттық жеткізілімдер есебінен өтеледі.

Осы мәселе бойынша Комиссия Кеңесінің шешімімен ІҚМ еті, сондай-ақ оны пайдалана отырып өндірілген дайын өнімді түпкілікті пайдалану бойынша тиісті шектеулер көзделген.