Ол кедендік-тарифтік реттеу шараларының қабылдануы талшық құраушы полиэтилентерефталаттан тауарлар әзірлейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыруға, сондай-ақ олардың шетелдік аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін өсіруге ықпал ететінін нақтылап айтты.«Пленкалы және бөтелкедегі полиэтилентерефталат Еуразиялық экономикалық одақта шығарылады. Сонымен бірге, полиэфирлі техникалық жіптер мен полиэфирлі техникалық маталарды өндірушілер пайдаланатын талшық құраушы полиэтилентерефталат негізінен Қытайдан сатып алынады»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
«Талшық құраушы полиэтилентерефталатты тұтынушылар осымен бір мезгілде өнімді талап етілетін сапада шығаруды және өзара пайдалы ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін ішкі өндірушілермен кооперациялық байланысты жолға қоюға дайын екендіктерін білдірді»,- деп сөзін толықтырды ЕЭК департаментінің директоры.Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.