Жаңалықтар

20.12.2022 (Обновлено: 28.12.2022 13:35)

ЕАЭО Грузиядан әкелінетін ферросиликомарганецке демпингке қарсы баж енгізеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Грузиядан әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі бес жылды құрайды, баж мөлшері өндірушіге байланысты кедендік құннан 21,4-24,22% мөлшерінде белгіленген.

Шешім ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2021 жылғы 28 маусымда Еуразиялық экономикалық одақ елдері өндірушілерінің: «Челябинск электр-металлургия комбинаты» АҚ мен «Батыс Сібір электр-металлургия зауыты" ЖШҚ-ның «Тараз металлургия зауыты" ЖШС, «Теміртау электр-металлургия комбинаты» АҚ және «Қазхром» ТҰК" АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты қолдаған арызы бойынша бастаған демпингке қарсы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қабылданды.

Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Грузиядан шығарылатын тауардың демпинг импорты және Еуразиялық экономикалық одақ экономикасының саласына материалдық нұқсаны бар екені белгіленді. Бұл ретте, ЕЭК сауда блогында атап өткендей, грузин ферросиликомарганеці жеткізілімі көлемінің елеулі өсімі (2,3 есе) 2017 жылы Украинадан әкелінетін тауарға қатысты демпингке қарсы шара енгізілгеннен кейін болды.

Грузин ферросиликомарганеціне демпингке қарсы баждың қолданылуы кезеңінде ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаменті шараны жедел қайта қарау мүмкіндігімен Одақ нарығында баға мониторингін жүргізетін болады.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.