«Экономикалық мәселелерді шешуде адами капитал елеулі рөл атқарады. Сол себепті алғашқы қалыптасқан күннен бастап ЕАЭО-да оған айтарлық назар аударылып келеді. Мұндай жұмыс Комиссияның қызметінде де айрықша орын алып отыр»,- деп санайды ЕЭК Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Омурбекова.Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі нормативтік актісі - ЕАЭО туралы шартта көші-қон саясаты саласына қатысты бірқатар ереже қамтылған. Мысалы, реципиент елдің азаматтарымен бірдей тең құқықтар мен артықшылықтарға сүйенетін Одақ азаматтарына қатысты ұлттық қорғау шаралары қолданылмайды. Сондай-ақ, ЕАЭО туралы шартта ЕАЭО елінде еңбек шартының бүкіл мерзімі ішінде, болуды ұзарту үшін қосымша шығуларсыз болу мүмкіндігі бекітілген.
ЕАЭО елдерінің азаматтары - жеке тұлғалар үшін ЕАЭО елдерінде резиденттік ставкаларды қолдану бірінші жұмыс күнінен басталады, яғни табыс салығы, мысалы, Ресейде, 30% орнына 13% мөлшерінде алынады.
ЕАЭО елдеріндегі көші-қон саясатының осы және басқа да қырлары мамандандырылған кітапшада көрініс тапқан.
Ақпарат қолжетімді нысанда ЕЭК сайтында «ЕЭК кітапханасы» бөлімінде орналастырылған. Кітапша көшіп келуші еңбекші мен оның отбасы мүшелерінің ЕАЭО елдері аумағында болу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпараты бар мәтіндік және иллюстрациялық бөлікті қамтиды. Кітапшаның 23 бетінде ЕАЭО елдеріндегі көші-қон, еңбек қызметі, әлеуметтік қамту, зейнетақымен қамту мәселелері, ЕАЭО елдері еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек және білім алу құқықтары көрсетілген.
Бүгінгі таңда интеграцияны дамытудың негізгі бағыттарының бірі - жұмыс күшінің қозғалыста болуы жолындағы тосқауылдарды жою болып табылады. ЕАЭО-ның басқа елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру жөнінде кең ақпараттың жоқтығы ортақ еңбек нарығын қалыптастыру кезіндегі тежеуші фактордың бірі болып табылады. Өзектілендірілген кітапша ықтимал ақпараттық олқылықтарды азайтуға бағытталған деп атап өтеді ЕЭК Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Омурбекова.