Жаңалықтар

22.11.2024

ЕЭК- Беларусь МКК: кедендік реттеудің түйінді мәселелерін талқылау

Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Владимир Орловскиймен кездесуі өтті.

Тараптар Еуразиялық үкіметаралық кеңестің әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылау, кеден саласындағы жалпы процестерді іске асыру, сондай-ақ транзиттік әлеуетті дамыту және халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындауға қатысты ЕЭК пен Беларусь МКК өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар Беларусь Мемлекеттік кеден комитетінің кедендік транзиттің кедендік рәсімін реттейтін ЕАЭО құқығының бірқатар ережесін нақтылау жөніндегі бастамаларын талқылады.

Бұдан басқа, олар ЕАЭО аумағы бойынша тауарлар қозғалысының ашықтығын арттырудың түйінді элементтерінің бірі болып табылатын электрондық навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ендіруді жеделдетуге бағытталған іс-қимылды жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Руслан Давыдовтың сөзінше, ЕЭК-тің, кеден қызметтерінің және Кеден қызметтерінің біріккен алқасының тығыз да тиімді өзара іс-қимылы ЕАЭО-да бірыңғай кедендік реттеуге қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады.

Кездесу соңында Руслан Давыдов Беларусь кеден қызметінің ЕЭК алаңында кедендік реттеу мәселелерін талқылау кезіндегі белсенді және салиқалы ұстанымы үшін Владимир Орловскийге алғыс білдірді.