Жаңалықтар

07.12.2023

ЕЭК пен Афрэксимбанк сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев пен Афрэксимбанктің корпоративтік басқару және заң мәселелері жөніндегі вице-президенті Джордж Эломби экспортты дамыту, саудадағы тосқауылдарды жою, Еуразиялық экономикалық одақ пен Африка елдері компанияларының қатысуымен кооперациялық жобаларды іске асыру және оларды қаржыландыру, технологиялар трансферті, сондай-ақ ұлттық валюталардағы есеп айырысуды жандандыруды қоса, төлем жүйелерін ұштастыру сияқты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жолға қою мәселелерін талқылады. Кездесу 5 желтоқсанда Каирде банктің штаб-пәтерінде өтті.

Сергей Глазьев Афрэксимбанктің Африка одағындағы қарымды даму институттарының бірі ретіндегі рөлін атап көрсете келіп, "ЕАЭО мен Африканың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың жоғары әлеуетін іске асыру көбінесе ЕЭК-тің елдермен де, өңірдің интеграциялық құрылымдарымен және даму институттарымен де өзара іс-қимылды тереңдетуіне байланысты", – деп атап өтті.

ЕЭК министрі ЕАЭО мемлекеттері мен Африка елдерінің компаниялары үшін химиялық өнімдер, машиналар мен жабдықтар, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі, ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығы өнімдерін өсіру, оларды тасымалдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, энергетика, электрондық сервистер және басқа да салалар перспективалы бірлескен жобалар болуы мүмкін екендігін атап өтті.

Сергей Глазьев пен Джордж Эломби ЕЭК пен Афрэксимбанк ие болып отырған функционал мен құралдарды тиімді пайдалану ЕАЭО мемлекеттері мен Африка елдері арасындағы тауар айналымының ұлғаюына елеулі түрде әсер ететінін атап өтті.

Сергей Глазьевтің пікірінше, бұл міндеттерді шешуді өңірлер арасындағы сауданы шектейтін "осал жерлерді" жоюдан бастау қажет, соның ішінде логистикалық тізбектерді оңтайландыру, сертификаттау және сараптама, цифрлықты қоса, ұлттық валюталарды пайдалана отырып, сауда операциялары үшін есеп айырысудың өзара тиімді нысандарын іздеу, сыртқы сауда жеткізілімдерімен байланысты қаржылық қызметтер көрсетудің басқа да мәселелерін пысықтау бойынша, бірінші кезекте кірепұл және сақтандыру, ЕАЭО елдерінің қаржы ұйымдары мен Африка банктері арасында тікелей корреспонденттік қатынастар орнату саласында бірлескен жұмыс жүргізген жөн. 

Тараптар ЕАЭО мемлекеттері мен Африка елдерінің кәсіпкерлерін бірлескен жобаларды іске асыруға тарту үшін әлеуетті әріптестер мен тауарларды іздеу, рейтингтерді өзара тану, сондай-ақ Африка елдерінде бірлескен Еуразиялық бизнес-миссиялар өткізу бойынша ақпараттық жүйелерді іске қосу арқылы бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері мен негізгі биржалық тауарлар бағасын қалыптастыру механизмдері туралы хабардарлықты арттыруға жәрдемдесу қажет деп пікір тоғыстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО мен Африка одағында шаруашылық қызметті реттеушілік саласында, соның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізу және ақпарат алмасу арқылы сындарлы диалогты дамытуды жалғастыруға, сондай-ақ ЕАЭО мен Африка елдері деңгейінде бұдан да тиімді және практикаға бағдарланған сауда-экономикалық ынтымақтастыққа шығу үшін ЕЭК пен Афрэксимбанк арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және институттандыру мәселесін пысықтауға уағдаласты.

Анықтама

Кездесу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Афрэксимбанк президенті Бенедикт Ораманың 2023 жылғы шілдеде Санкт-Петербургте өткен Ресей-Африка саммитінің және 2023 жылғы қазанда Бейжіңде өткен "Бір белдеу, бір жол» форумының аясындағы жүздесіп, сөйлесуін дамыту райында өтті.

Афрэксимбанк Африканың ішкі және сыртқы саудасын қаржыландыруға және ілгерілетуге уәкілетті, панафрикалық ұлтүсті көпжақты қаржы институты, сондай-ақ Африканың континенттік еркін сауда аймағын құруды қолдауда шешуші рөл атқаратын Африканың жетекші өңірлік интеграциялық банкі болып табылады. Афрэксимбанк африкалық және африкалық емес экспорттық-кредиттік агенттіктермен, қаржылық даму институттарымен, коммерциялық банктермен және басқа да көпжақты институттармен жұмыс істейді.