Жаңалықтар

20.02.2023

ЕЭК пен Еуропалық бизнес техникалық реттеу саласындағы диалогты тереңдетеді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев 17 ақпанда Еуропалық бизнес қауымдастығының (ЕБҚ) Сәйкестікті бағалау комитетінің төрағасы Алексей Солдатовпен және қауымдастық мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Жұмыс кездесуі барысында қатысушылар өнімге қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау, өнімнің, соның ішінде үшінші елдер өнімінің нарыққа қол жеткізуі саласындағы мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, Комиссия өкілдері "Химия өнімінің қауіпсіздігі туралы» және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерге өзгерістерді дайындау туралы әңгімеледі. Кездесуге қатысушыларға өнімнің сәйкестігін бағалаудың жекелеген рәсімдері және COVID-19 жағдайында құқық қолдану практикасын ескере отырып, қашықтан бағалауды қолдану мүмкіндіктері түсінідірілді.

 Телнұсқаларды, өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің паспорттарын беруді, сондай-ақ оларды тіркеуді қоса. ресімдеу рәсімдеріне байланысты мәселелерге жеке назар аударылды. Қатысушылар пікір алмасты және көтерілген мәселелерді реттеу бойынша қосымша кездесу өткізуге уағдаласты.

Іс-шараға қатысушылар Комиссия мен бизнес өкілдері диалогының маңыздылығын, соның шеңберінде проблемалық мәселелер мен Одақтың техникалық реттеу саласындағы құқығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар талқыланатын растады.


Анықтама

Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕБҚ) — Ресейдегі шетелдік инвесторлардың негізгі өкілдігі. 1995 жылы құрылған ЕБҚ Ресейде жұмыс істейтін 500-ден астам компанияны біріктіретін тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады. ЕБҚ-ға Еуропа одағы елдерінің, Еуропалық еркін сауда қауымдастығының және әлемнің басқа да өңірлерінің ірі халықаралық корпорациялары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары, сондай-ақ ресейлік, америкалық, жапондық, корейлік және түріктік компаниялары кіреді.

Олардың бәрін Еуропалық одақ пен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бейілділік, сондай-ақ Ресей Федерациясының инвестициялық ахуалын жақсартуға деген ұмтылыс біріктіреді.