Жаңалықтар

22.07.2022 (Обновлено: 01.08.2022 11:47)

ЕЭК пен КОМЕСА Бәсекелестік саясат және құқық қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік жөніндегі блогының бастамасы бойынша 2022 жылғы 21 шілдеде Женевада бәсекелестік саласында ұлтүсті өкілеттіктері бар әлемдік өңірлік ұйымдардың кездесуі өтті. Кездесуге Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (ASEAN), Кариб қоғамдастығының (CАRICOM), Шығыс және Оңтүстік Африканың жалпы нарығының (COMESA), Батыс Африка экономикалық валюта одағының (WAEMU), Анд қоғамдастығының (AC) бәсекелестік жөніндегі бөлімшелерінің басшылары қатысты.
    Кездесуге қатысушылар бәсекелестікті адвокаттандыру, ұлтүсті реттеушілердің бәсекелестікті қорғау бойынша жаңа шараларды ендіру және пайдалану мәселелерін, трансшекаралық нарықтарды бәсекелестікке қарсы практикалардан қорғау бойынша өңірлік және ұлттық ведомстволардың ынтымақтастық тәжірибесін, сондай-ақ бәсекелестік саласындағы норма шығармашылық пен құқық қолданудың тәжірибесіндегі жаңартпаларды талқылады.

 Кездесу шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Шығыс және Оңтүстік Африканың ортақ нарығындағы бәсекелестік жөніндегі комиссия (КОМЕСА) Бәсекелестік саясат және құқық қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Африка өңірлік ұйымымен осындай меморандум жасасу туралы уағдаластыққа өткен жылғы шілдеде ЮНКТАД бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі Үкіметаралық тобы сарапшыларының 19-шы сессиясы аясында қол жеткізілді.

  Ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылуына түсіндірме жасай келіп, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев меморандум ведомстволардың бұдан да тығыз өзара іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп атап өтті.
«Меморандумға қол қою біздің КОМЕСА-мен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігімізді және дайын екенімізді көрсетеді. Біз бәсекелестіктің қағидаларын бұзушылықты тергеп-тексеруде, сондай-ақ норма шығармашылықта тәжірибе алмасуды, бірлескен конференциялар мен білім беру семинарларын өткізуді жолға қоя аламыз», — деп атап өтті министр.
Өңірлік ұйымдар кездесуінің модераторы ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян болды. Ол өңірлік ұйымдардың бәсекелестік мәселелері бойынша дербес диалогын өткізу идеясы ұлтүсті деңгейде реттеудің ерекшеліктері бар екендігіне байланысты пайда болғанын атап өтті.
 «Өңірлік ұйымдар тарапынан біздің кездесуіміздің қызығушылық тудыруы бәсекелестік мәселесінің өзектілігі мен сұранысты екенін растайды», — деп түсіндірме жасады Армине Акопян.    
  Өз кезегінде КОМЕСА-ның Бәсекелестік жөніндегі комиссиясының атқарушы директоры Виллард Мвемба ЕЭК пен КОМЕСА арасында 2019 жылы басталған диалог бұдан да тығыз өзара іс-қимылмен жаңа ресми деңгейге көшеді деп атап көрсетті.