М. В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетінің алаңында ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің төрағалық етуімен болып өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің цифрлық нарықтарды және электрондық платформалардың қызметін зерттеу кезінде қолданылатын жалпы тәсілдемелерді қалыптастыру жөніндегі бірлескен жұмысы кешенді талқыланды.
"ЕАЭО кеңістігіндегі цифрлық нарықтар: зерттеудің, монополияға қарсы реттеу мен құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" конференциясы Одақ мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарының, сарапшылық қоғамдастықтың, маркетплейстер мен технологиялық компаниялардың ("Яндекс", Ozon, Wildberries, "Купер") өкілдерін, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларын, ЕАЭО-ның барлық елінен келген практикамен айналысатын заңгерлерді біріктірді.
Форум жұмысын Максим Ермолович пен ММУ инновациялық ғылыми-технологиялық даму жөніндегі проректоры профессор Виктор Вайпан ашты.
ЕЭК министрі атап өткендей, "цифрлық платформаларды дамыту және ЕАЭО елдері азаматтарының осы процестерге белсенді қатысуы олардың бүкіл Одақ ауқымындағы қызметі үшін бәсекелестік жағдайлар жасау жөніндегі біздің іс-қимылымыз қажет екендігін бағамдайды".
Ресей Федерациясының ФМҚ басшысының орынбасары Сергей Пузыревский Ресейдегі цифрлық нарықтарды монополияға қарсы реттеу мәселелерін айтып өтті. Армения, Беларусь және Өзбекстанның уәкілетті органдарының өкілдері елдердің тиісті салалық тәжірибесімен таныстырды.
ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті цифрлық нарықтарды зерттеудегі әдіснамалық тәсілдемелер, нормативтік реттеу және құқық қолдану саласындағы елдік тәжірибені жинақтайтын баяндама ұсынды.
Тақырыптық сессиялар шеңберінде цифрлық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау, бейінді модельдік және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігіндегі цифрлық (электрондық) платформаларды пайдалана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілер беталысының кең таралған практикасы және монополияға қарсы ден қоюдың тиісті шаралары талқыланды.
Конференцияға қатысушылар Одақтың трансшекаралық нарығында цифрлық платформалардың қызметін реттеудің үндестірілген тәсілдемелерін біртіндеп әзірлеу қажеттігін атап өтті.