Жаңалықтар

31.10.2023

ЕЭК және ДДҰ ынтымақтастықты дамытуда

ЕЭК Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Омурбекова мен ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрдің көмекшісі Арсен Насырханов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілдерімен Еуразиялық экономикалық комиссияның ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мигранттардың денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу ДДҰ өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы аясында 24 қазанда Астанада өтті.

Сессияға ДДҰ-ға мүше 50-ден астам мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері қатысты. Іс-шараға барлық елден 650-ден астам адам қатысты.

Комиссия өкілдері Еуропа өңірі мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері мен негізгі проблемаларын қарауға қатысты. Адамдардың қазіргі денсаулығы мен әл-ауқаты, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындығын арттыру туралы ақпарат тыңдалды. Сонымен қатар медициналық және медициналық-әлеуметтік кадрларға әсер ететін дағдарысты еңсеру, микробқа қарсы препараттарға төзімділік қаупімен күресу, босқындар мен мигранттардың денсаулығын сақтауды реттейтін хаттамалар мен практикалық тәсілдерді жетілдіру туралы болды.

ЕЭК және ДДҰ өкілдерінің кездесу қорытындысы бойынша 2024 жылдың басында денсаулық сақтау мәселелері бойынша еларалық кеңес өткізу туралы келісілді. Онда еңбек мигранттарының Орталық Азия өңіріндегі медициналық қызметке қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдері талқыланатын болады. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Анықтама

Комиссия мен ДДҰ-ның өзара қарым-қатынасы 2021 жылғы 13 қазандағы ЕЭК пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумы аясында жүзеге асырылады.

Комиссия өкілдері ДДҰ-ның Еуропалық өңірдегі босқындар мен мигранттардың денсаулығына қатысты 2023-2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын дайындауға белсенді қатысты.