Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 4 наурызда Берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін жасау және жүргізу тәртібіне енгізілген өзгертулерді қабылдады.
ЕЭК Алқасының шешімі өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған сәйкестікті бағалау саласындағы негізгі құжаттарға енгізілетін бірқатар жүйелі өзгерістерді аяқтайды. Бұл сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялардың бірыңғай нысандары және сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу тәртібі.
Жаңа өзгертулер тауарлардың қадағалануы мен қауіпсіздігінің деңгейін, сондай-ақ аталған тізілімдегі өнімнің сәйкестігін бағалау туралы мәліметтердің ашықтығын арттыруға көмектеседі. ЕАЭО елдерінің, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, Комиссияға мұндай мәліметтерді бермей-ақ, бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне ғана енгізілетін қосымша мәліметтерді енгізу туралы уағдаластықтарын атап өту маңызды, атап айтқанда:
- өнім өндірілетін жердің сәйкестендіргіші (GLN (ДЖИ-ЭЛ-ЭН) немесе үшінші елдердің өнімдеріне арналған өзге де сәйкестендіргіш;
- GTIN (ДЖИ-ТИН) коды;
- үлгілер ретінде Одақ аумағына әкелінген өнімге арналған кедендік декларацияның нөмірі;
- сертификатталатын өнімді мерзімді бағалау туралы ақпарат;
- өзге де мәліметтер (сертификаттауға арналған өтінім туралы; егер сертификат берген органның қызметі тоқтатылса, өтініш берушінің сертификаттау жөніндегі өзге органмен сериялық сертификат беру туралы шарт жасасқаны туралы).
Бұл норма екі жыл ішінде қолданылатын болады, осы мерзім ішінде мүше мемлекеттер мен ЕЭК одақ нарығында тауарлардың еркін қозғалысына кедергі келтіретін жағдайларға мониторинг жүргізеді.
Бұл тәсіл сәйкестікті бағалау саласының басқа ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттарын тағы да түзетпей, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілген құжаттарды берудің негізділігін қосымша бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған тәжірибелерді сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Комиссия актісінің жаңа ережелері Одақта сәйкестікті бағалау туралы құжаттың электрондық түрін енгізу туралы 2025-Стратегиясының тиісті ережесін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Комиссия Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Оның күшіне енуі тиісті жалпы процестің жаңа нұсқасын енгізу күнімен байланысты.