Жаңалықтар

16.07.2024

ЕЭК ақ түсті қаңылтырдан жасалған қақпақтарға қатысты ресми кедендік статистика деректерін қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы ЕАЭО СЭҚ ТН-да кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгертпей, ақ қаңылтырдан жасалған бұрап жабуға арналған немесе жиегі бар қақпақтарға жеке субпозиция бөлу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта қарастырылып отырған өнім бағалы емес металдардан жасалған өзге де буып-түю керек-жарақтарымен бірге ЕАЭО СЭҚ ТН 8309 90 900 0 «өзге» жеке субпозициясына енгізіледі.

Ақ қаңылтырдан жасалған қақпақтарды жеке субпозицияға бөлу осы тауарға кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгертудің орындылығы туралы мәселені одан әрі қарау үшін сыртқы сауда көлемінің динамикасына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді деп атап өтті ЕЭК сауда блогында.