28 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев «Ресей» Халықаралық көрме-форумы аясында «Алюминий күндері» бағдарламасының «Алюминий саласының жоғары жетістіктері» атты пленарлық сессиясында сөз сөйледі.
Ол іс-шараға қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың Индонезиямен, БАӘ-мен, Египетпен және басқа елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу жұмысы туралы хабардар етті.
Михаил Черекаев Еуразиялық экономикалық одақта бизнес мүдделерін жан-жақты есепке алу және сауданы реттеудің болжалды әрі ашық ережелерін енгізудің табыстылығы үшін келіссөздер жұмыстарын іске асырған кезде іскер қоғамдастықпен тұрақты диалог жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.