Жаңалықтар

26.09.2024

ЕЭК ЕАЭО мен Индонезияның бизнес-қоғамдастықтарының өзара іс-қимылын қолдайды

Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Индонезия – ЕАЭО» цифрлық технологиялар жөніндегі диалог шеңберінде ЕЭК Сауда саясаты департаментінің Сауда реттеудің арнайы мәселелері бөлімінің бастығы Кира Данильчева Индонезия, ЕАЭО және оның мүше мемлекеттері арасында еркін сауда туралы келісім жасасу перспективалары туралы мәселесі бойынша баяндама жасады.

Кира Данильчева: «Келісім болашақта телекоммуника-циялар, инновациялар, цифрлық технологиялар және электрондық сауда салаларындағы елдеріміздің бизнесі арасындағы ынтымақтастық пен кооперациялық байланыстарды нығайту тетіктерін белгілейді. Біз ЕАЭО мен Индонезияға мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастық-тарының мүдделі өкілдерін болашақтағы бірлескен бастамаларға қатысуға шақырамыз», — деп атап өтті.

Цифрлық компаниялар арасында байланыс орнатуға ықпал етуге шақыратын диалог – шешімдермен, технологиялармен, сараптамамен алмасуға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Іс-шараға денсаулық сақтау, қаржы, киберқауіпсіздік, туризм, логистика және басқа да салаларда өздерінің цифрлық қызметтері мен өнімдерін ұсынатын Индонезия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей компаниялары қатысты.