Жаңалықтар

10.01.2024

ЕЭК Одақтың тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және технологиялық қосалқы құралдарына арналған техникалық регламентінің стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және технологиялық қосалқы құралдарға қойылатын талаптар» (КО ТР 029/2012) атты техникалық регламентінің стандарттар тізбесіне енгізілетін өзгертулерді бекітті, ол Комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы №84 шешімімен қабылданған және 2024 жылдың 27 ақпанынан бастап күшіне енетін осы техрегламенттің №2 өзгертулеріне қоса берліген құжаттар жиынтығына қосылған.

КО ТР 029/2012 қолдану нәтижесінде ерікті негізде талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттардың тізбесі сегіз стандартпен (бес мемлекетаралық стандарт және Ресей Федерациясының үш стандарты), оның ішінде жекелеген тағамдық қоспалар мен ферменттік препараттардың сәйкестендіру белгілерін көздейтін стандарттармен толықтырылды.

Зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістері, оның ішінде КО 029/2012 ТР талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары бар стандарттар тізбесі 53 құжатпен толықтырылды (алты стандарт ISO халықаралық стандарттарының негізінде, төрт стандарт EN өңірлік стандарттарының негізінде әзірленді). Олардың ішінде 37 мемлекетаралық стандарт, Ресей Федерациясының 13 стандарты, Беларусь Республикасының стандарты және екі аттестатталған зерттеу әдістері бар. Аталған құжаттарға әртүрлі тағамдық қоспалардағы негізгі заттың массалық үлесін анықтау әдістері, хош иістендіргіштер мен ферменттік препараттардың қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау әдістері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің әртүрлі түрлеріндегі тағамдық қоспалардың құрамын анықтау әдістері кіреді.