26 маусымда ЕЭК штаб-пәтерінде ЕАЭО туралы шартты жетілдіру жөніндегі жиынтық жұмыс тобының отырысында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу қаралды.
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жаңа жобасына кірістіру үшін бірқатар түзетуді мақұлдады, сондай-ақ "IV Үлкен" Хаттаманың жобасын мемлекетішілік келісу нәтижелерін талқылады.
"IV Үлкен" Хаттама жобасының негізгі мақсаты құқық қолдану практикасы барысында анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға, Одақ туралы шартта қолданылатын терминологияны нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізу болып табылады. Құжат ЕЭК Алқасының өкімі бойынша осы жылдың наурыз айында мемлекетішілік келісуді жүргізу үшін ЕАЭО елдеріне жіберілді.
Оның құрамына Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының, ЕЭК және Одақ Сотының өкілдері кіреді.
Жұмыс тобы шеңберінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы бірқатар хаттама дайындалды, соның ішінде "I Үлкен" Хаттама — 2021 жылғы 15 шілдеде күшіне енді, "II Үлкен" Хаттама — 2024 жылғы 12 ақпанда күшіне енді, "III Үлкен" Хаттама — 2024 жылғы 25 сәуірде күшіне енді.