Қазіргі заманғы әлемде жасанды интеллект күнделікті өмірде маңызды рөл атқарады. Интеллектуалды сервистер – онлайн-дүкендердегі дербестендірілген ұсынымдардан бастап, көрсетілетін қолдау қызметтеріндегі интеллектуалды чат-боттарға дейін – тұтынушылық тәжірибенің ажырамас бөлігі болып отыр.
Бірақ барлық артықшылығымен бірге, саудада жасанды интеллект құралдарын белсенді қолдану, жеке деректерді теріс пайдалануды, тұтынушылардың мінез-құлқына айла-шарғылы алгоритмдерді қолдануды қоса, көптеген тәуекелге байланысты. Осыған орай тұтынушылардың тиісті мүмкіндіктер мен тәуекелдер туралы білімі болғаны маңызды.
Еуразиялық экономикалық комиссия халықтың Еуразиялық экономикалық одақта сауда саласында жасанды интеллект жүйелерін қолдануға қатынасы туралы ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін созылатын сауалдама жүргізеді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тұрғындарының пікірі ақпараттық даму жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын жетілдірудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бірнеше минут қана уақытыңызды алатын сауалдамаға қатысуға шақырамыз. Комиссия үшін сіздің пікіріңіз өте маңызды.
Саулдамадан өту >>>>