Жастар форумы шеңберінде Одақ елдерінің, сондай–ақ Өзбекстанның кәсіби жастарының өкілдері ЕАЭО мемлекеттері Үкіметтері басшыларының орынбасарларымен, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен және ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесті.
"Бұл біздің кеңістігімізде ұқсасы жоқ жарқын, тарихи оқиға болды. Алты мемлекеттің кәсіби жастарының өкілдері алғаш рет тікелей, ашық өз бастамаларын жария етті және бірден Үкімет басшылары орынбасарларының және халықаралық ұйымдар басшылығының түсіндірме жасауына ие болды",- деп атап көрсетті Данияр Турусбеков.Атап айтқанда, жастардың көшбасшылары:
Еуразиялық кәсіпкерлік қоғамдастықтарын құруды ынталандыруды,
жастар туризмін дамыту бағдарламасын қабылдауды,
волонтерлікті қолдауды,
академиялық ұтқырлық қорын және бағдарламасын құруды,
цифрлық вакансияларға қол жеткізуді оңайлатуды және басқаларды ұсынды.
"ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің тапсырмасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның Жастар кеңесі барлық бастаманы бақылауда ұстайды - ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Біз ЕЭК Алқасының Төрағасына жеке қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Таяу уақытта Комиссияның Жастар кеңесінің отырысын шақырамыз және форум қорытындыларын талқылаймыз",- деді Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, ЕЭК Жастар кеңесінің төрағасы.ЕЭК Алқасының Төрағасы Жастар форумының ашылуында ЕАЭО-ның жастар күн тәртібін дамыту шеңберінде:
- жастар бастамаларын қолдау қорын құруды;
- Одаққа мүше мемлекеттердің жастарының өтініштерін қарау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның "бірыңғай терезесін" құруды;
- ЕАЭО-да жоғары білімнің негізгі кәсіби білім беру бағдарламасын игеруші білім алушыларға Комиссияда практикадан өту мүмкіндігін беруді ұсынды.
Данияр Турусбековтың сөзінше, жастар кәсіпкерлігін дамыту ЕАЭО-да бизнесті дамытудағы басты міндеттердің бірі болады. Кәсіпкерлікті ынталандыруға ықпал ететін түйінді факторлардың бірі - тиімді іскерлік қоғамдастықтар болып табылады.
"Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нургожоевич Жапаровтың бастамасы мен жеке қолдауы арқасында Чолпон-Атада ТМД және ЕАЭО-ның Жастар форумы болып өтті. Осы жылы қырғыз тарапы форумды өткізу жөніндегі барлық міндеттемені өзіне қабылдады. Алайда біз оны жыл сайын өтеді деп үміттенеміз. Ресейлік әріптестер 2023 жылы алдағы ЕАЭО-дағы төрағалық ету шеңберінде жастармен диалогты жалғастыруға нық ниет білдірді. Іс-шара жастар өкілдерін де, мемлекеттік билік органдары мен ЕЭК өкілдерін де өте жақсы әсерге бөледі. Біздің жастарымызды Еуразиялық интеграцияның жұмыс істеу процестерін тарту маңызды",- деп атап өтті ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.Брифингке сондай-ақ Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Союзбек Надырбеков қатысты.