Ресей-АСЕАН Экономика министрлерінің консультациясы аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуянның Индонезия, Таиланд, Мьянма, Камбоджа және Лаос мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті. Олар АСЕАН елдерінің ЕАЭО мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға жоғары мүдделілігін көрсетті.
Индонезияның Халықаралық сауда келіссөздері жөніндегі бас директоры Джатмико Брис Витджаксономен ЕЭК пен осы елдің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, оның ішінде бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын ұйымдастыру шеңберінде диалогтың алгоритмі мен басымдықтары келісілді.
Микаел Беллуянның Таиландтың Халықаралық сауда жөніндегі бас директоры Татчаяпхон Апхимонтхетбутпен бірге өткен кездесуінде бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізу және бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу талқыланды. ЕЭК пен Таиланд Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша өзара қызығушылық атап өтілді.
ЕЭК пен Мьянма Үкіметінің ынтымақтастығы туралы меморандумға сәйкес құрылған бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысының уағдаластықтарын іске асыру қорытындылары, сондай-ақ ЕАЭО мен Мьянма іскер топтары арасындағы диалогты күшейту тетіктері Мьянма Инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің департамент басшысы Марлар Мьо Ньюнтпен талқыланды. ЕЭК-тің ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен салалық семинарлар өткізу туралы бастамасы қолдау тапты.
Камбоджа делегациясымен кездесу барысында ЕЭК пен осы елдің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен жұмыс тобының отырысын тезірек өткізуге мүдделілік танытып отырғаны білдірілді.
ЕЭК делегациясы биыл АСЕАН-ға төрағалық ететін Лаос елінің өкілдерімен де кездесті. Микаел Беллуян бұл елдің ЕЭК пен АСЕАН өзара іс-қимылын дамытуға қосқан үлесін және оның ЕАЭО мен Лаос елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығын белсендіру үшін маңыздылығын жоғары бағалады.