БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитетінің 87-ші сессиясының аясында ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен жұмыс кездесуін өткізіп, кеден саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Тараптар көлік дәліздерін дамыту, кедендік транзит және өткізу пункттерін жайластыру жөнінде пікір алмасты. Сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға және СЭҚ қатысушыларының шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде "бірыңғай терезе" механизмін енгізудің маңыздылығы да атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, соның ішінде 2013 жылдан бастап қолданылып жүрген Өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастығын тереңдетудің маңыздылығы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.