Жаңалықтар

27.04.2023

ЕЭК ҚХР-мен техникалық реттеу саласындағы өзара іс-қимылды дамытуда

27 сәуірде Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған орта министрлігі сарапшыларының қатысуымен Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқарманың (SAMR) және Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті өкілдерінің жұмыс бабымен кездесуі болып өтті.


Кездесу, ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Татьяна Николаева мен SAMR Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас директорының орынбасары Ма Вэньсюдің төрағалық етуімен өтті.

2022 жылғы мамырда өткен бірінші ұқсас кездесу шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, тараптар ЕАЭО және КХР нарықтарына доңғалақты көлік құралдары мен химия өнімдерін жеткізу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қытайлық әріптестер жаңа химиялық заттарды тіркеу жүйесін қалыптастыру және қолданылатын химиялық заттар тізілімін жүргізу тәжірибесімен бөлісті, бұл болса ЕАЭО-та жүзеге асырылып жатқан химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке қатысты екінші деңгейлі құжаттарды әзірлеу тұрғысынан өзекті болып саналады.

Қытайлық тарап кезекті жұмыс кездесулерінің бірі шеңберінде ҚХР мен Одақ мемлекеттері арасында сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тану мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті тарапынан ЕАЭО және КӨР елдері арасында өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың бағыттарын пысықтау туралы ұсыныс жасалды.

Кездесуге қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша қосымша ақпарат алмасу және сарапшылар арасында нақты тақырып аясында жұмыс бабымен өзара іс-қимыл орнату туралы келісті.

Анықтама

Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшілік (SAMR) 2018 жылы әкімшілік реформа барысында құрылып, түрлі салаларда кең өкілеттіктері бар нарықты реттеуші болып саналады. Олардың арасында – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, бәсекелестікті қорғау және монополиялар қызметі, нарық субъектілерін тіркеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік, стандарттау, метрология, сынақтар, инспекциялар, сәйкестікті бағалау, мемлекеттік қадағалау, сапаны бақылау, ұлттық сапа инфрақұрылымын қалыптастыру салалары да бар.