Жаңалықтар

09.09.2022 (Обновлено: 23.09.2022 09:58)

ЕЭК кедергілерді жою жөніндегі жұмысты жетілдіреді

ЕАЭО-да келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комитеткқатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға орайлас жаңа тәсілдемелерді қарады. Отырыс 9 қыркүйекте ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің төрағалық етуімен өтті.
Михаил Мясникович атап өткендей, Комиссия ЕАЭО мемлекеттері басшыларының тапсыруы бойынша кедергілерді жоюға орайлас тәсілдемелерді жетілдіру мүмкіндіктерін пысықтады.

"Өткен жылы мүше мемлекеттер өзара сауда көлемінің рекордтық - 73,1 млрд АҚШ долларындағы көлемін, 2020 жылмен салыстырғанда 32,8% өсімді қамтамасыз етті, бірақ бұл бізді кідіртпеуге тиіс. Өзара сауданың одан әрі өсуі үшін кедергілерді жоюға орайлас жаңа тәсілдемелер қажет", - деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.


ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонянның сөзінше, тосқауылдарды жою жұмысы жоспарлы түрде жүруде және ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Одақ мемлекеттері бес тосқауылды және тосқауыл белгілері бар үш кедергіні жойды. Бұл ретте алып қоюлармен және шектеулермен жұмысқа қатысты тәсілдемелерді өзгерту қажет, деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Егер бұрын кезекті жоспарлы жылға арналып кедергілерді жоюдың жалпы жол картасы әзірленсе, қазір жекелеген кедергілер мен қызмет салалары бойынша жол карталарын қалыптастыру қажеттігі пісіп-жетілді.

Варос Симонян осы жылы Одақ мемлекеттерінің тауарлардың өзара саудасында шектеулер енгізуіне байланысты жұмыстар алдыңғы қатарға шыққанын атап көрсетті.

"Наурыздан бастап Комиссия алаңында шұғыл шектеу шараларын енгізу кезіндегі жедел кеңестер өткізіліп келеді. Бұл оларды барлық немесе жекелеген мүше мемлекеттің іске асыруының орындылығын талқылауға, салдарын қабылданған шешімдерді түзету мүмкіндігімен бірге талдауға мүмкіндік береді. Осындай тәсілдеменің арқасында біз оң трендті - бұл шаралар санының азаюын байқап отырмыз", - деп хабарлады Варос Симонян.

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар Комиссияның ұсыныстарын қолдады. Кедергілерді бөлу әдіснамасының қолданыстағы редакциясына өзгерістер мен толықтырулар Комиссия Кеңесінің қарауына ұсынылатын болады.

Кеңеске қатысушылар сондай-ақ ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізілетін Комиссия шешімдерінің жобалары бойынша келіспеушіліктерді талқылады.

Бұдан басқа, үшінші елдердің кемелері аулаған ауланымдардан Одақ мемлекеттерінің кемелерінде өндірілген балықты немесе өзге өнімдерді әкелуге қатысты жаңа кедендік реттеу белгілеу бөлігіндегі келіспеушіліктер қаралды. Бұрын Ресей Федерациясы осындай бастамамен Одақ мемлекеттеріне қайырылды. Отырысқа қатысушылар теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кедендік реттеуді оңайлатуға орайлас тәсілдемелерді талқылады, оларды талқылау қорытындысы бойынша екіжақты консультацияларды жалғастыру ұсынылды.