Еуразиялық экономикалық комиссияда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жарылғыш және есірткі заттарды іздеу мен сәйкестендіру жүйесіне қойылатын бірыңғай типтік талаптарды әзірлеу басталды.
Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Данияр Иманалиевтың қатысуымен өткен тиісті сарапшылық топтың алғашқы отырысында Одақтағы өткізу пункттерінде мұндай бірыңғай талаптардың әзірге жоқ екендігі атап өтілді. Бүгінде мүше мемлекеттерде сипаттамалары айырмашылықты болуы мүмкін бақылау аспаптары қолданылады.
"ЕАЭО шеңберінде типтік талаптарды қабылдау Одақтың бүкіл сыртқы шекарасында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде одақтық мемлекеттердің тәсілдемесін үндестіруге мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті Данияр Иманалиев.
Сарапшылық топтың мүшелері құжатты әзірлеу, бәрінен бұрын, ЕАЭО-ға есірткі және жарылғыш заттарды заңсыз алып өту тәуекелін азайтуға және оларды іздеу мен сәйкестендіру жүйесіне қойылатын типтік талаптарды оңтайландыруға бағытталған деп атап өтті. Бірыңғай типтік талаптарды қабылдау одақтық елдер мен олардың халқының қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.