Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 034/2013) өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібін белгілейтін шешімді бекітті.
ЕЭК Кеңесі өткен жылғы қыркүйекте қабылдаған және 2024 жылғы 7 сәуірде күшіне бұл өзгерістер сою өнімдері мен ет өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы таңбалауда көрсетілген, құрамында ақуыз бен майдың болуы қиын стандартталатын табиғи әртектілікті сипаттайтын ақпаратты нақтылауға қатысты. Өзгерістерде тағамдық заттар құрамының нақты мәндері ауытқуының рұқсат етілген шектері көзделген: ақуыз таңбалауда көрсетілген мәннен кемінде 80%; май, көмірсулар 120%-дан аспайды. Аталған тауарлардың энергетикалық құндылығы (жұғымдылығы) таңбалаудағы мәннің 120%-ынан аспауға тиіс.
Комиссия Алқасы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін – олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін берілген немесе қабылданған сою өнімдері мен ет өнімдерінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар (мәліметтер) үшін өтпелі кезеңді айқындады. Сою өнімдері мен ет өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі. Өнім өндіруші белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде айналыста бола алады.
Өтпелі кезеңді белгілеу кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң әсер етеді, өйткені өндірушілер мен сатушылар (жеткізушілер) таңбалауда тағамдық құндылық туралы ақпаратты көрсету бойынша өзгерістермен түзетілген талаптарды орындауға біртіндеп ауыса алады.