Жаңалықтар

24.01.2023

ЕЭК теміржол көлігі шығыстарын есептеу тәртібін нақтылады

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа темір жол бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін көлік шығыстарын есептеу тәртібін нақтылады.

Мұндай тауарлар үшін кедендік құнға Одақтың кедендік шекарасына дейін есептелген көлік шығыстары қосылуға жатады деп айқындалды. 

Шешім бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары негізінде ЕАЭО-да құқық қолдану практикасын талдау нәтижелері бойынша қабылданды. Ол кәсіпкерлерге және теміржолдарға кез келген жағдаяттта әкелінетін тауарлардың кедендік құнына қосылуға тиіс көлік шығыстарының сомасын бір мәнді айқындауға мүмкіндік береді.

Бұл теміржол көлігімен тауарларды тасымалдауға арналған шығыстарды кедендік құнға қосу жөніндегі даулы жағдаяттарды жоюға көмектеседі.