Жаңалықтар

26.05.2023 (Обновлено: 29.05.2023 14:13)

ЕЭК Одақ елдерінің кәсіпорындарымен салалық диалог жүргізеді

24-25 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіптік блогының өкілдері жыл сайын өткізілетін «Азот Синтезгаз. Ресей және ТМД» конгресі мен көрмесіне келді, оның барысында Ресей мен ТМД елдерінен келген азот, метанол, аммиак және минералды тыңайтқыштар (азот, калий, фосфор, кешенді) өндіретін ірі өндіруші кәсіпорындармен синтез-газды қайта өңдеу индустриясының даму перспективаларын талқылауға қатысты.

«Біздің жұмысымызда біз мүше мемлекеттердің кәсіпорындарымен, әсіресе химия өнеркәсібі саласындағы салалық диалогты дамытуға ерекше назар аударамыз, өйткені өндірістің басқа бірде-бір саласы химиялық өнімсіз жұмыс істей алмайды», — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев.

Синтез-газды қайта өңдеу саласындағы негізгі проблемалар ретінде баяндама жасаған саланың ірі кәсіпорындарының өкілдері білікті кадрлардың жетіспеушілігін, технологиялар мен жабдықтар лицензиарларының нарықтан кетуін, сондай-ақ зауыттарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қиындықтарды атап өтті.

Конгрестің іс-шаралары аясында оның қатысушылары аз тонналы химия саласын (атап айтқанда, катализаторлар) дамыту тақырыбын бірнеше рет қозғады. ЕЭК өкілдері оларға Одақтағы кәсіпорындар қажеттілікті сезінетін мүше мемлекеттердің осы өнімнің жаңа түрлерін және/немесе тізбесін игеру бойынша күш-жігерін шоғырландыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақта өндірілетін немесе өндіруге жоспарланатын аз тонналы химия өнімдерінің тізбесін жасау қажеттілігін талдау жөніндегі консультативтік комитеттің жанындағы химия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі сараптамалық топ аясындағы жұмыс туралы хабарлады. Өнеркәсіптік блок өкілдері әріптестерін аталған жұмысқа қатысуға шақырып, Одақ елдерінің осы бағыттағы күш-жігерін шоғырландыру шешуші рөл атқаруы мүмкін екенін атап өтті.

Анықтама

Жыл сайын өткізілетін «Азот Синтезгаз. Ресей және ТМД» конгресі мен көрмесі Ресей мен ТМД елдерінен азот, метанол, аммиак және минералды тыңайтқыштар өндіретін ірі кәсіпорындар өкілдерінің, билік органдарының, реттеуші-қадағалау органдарының, өндіріс технологиялары лицензиарларының, әзірлеушілердің, жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің, инжинирингтік және жобалау-құрылыс компанияларының, технологиялар мен қызметтерді жеткізушілердің қатысуымен синтез-газды қайта өңдеу бағыттарын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жабық кәсіби алаң болып табылады. 2023 жылы көрмеге 250-ден астам қатысушы тіркелді, олардың көпшілігі ұйымдарда басшылық қызметтер атқарады.