Жаңалықтар

13.02.2023

ЕЭК трансшекаралық нарықта автомобиль жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерге алдын ала сақтандыру берді

Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы блогы Ресей мен Қазақстанның нарықтарында автомобиль жөндеу бойынша қызметтер көрсететін Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектісінің директорына алдын ала сақтандыру берді.

Алдын ала сақтандыру компания басшысының алдағы уақытта, оның пікірінше, 2023 жылдың ортасында Ресейде автомобильдерді жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтердің қымбаттауы туралы жария мәлімдемесіне байланысты берілді. Мұндай мәлімдеме оның gazeta.ru интернет-басылымының тілшісімен әңгімелесуі барысында жасалды және Интернет желісіне орналастырылды. 

Шаруашылық жүргізуші субъектінің нарықта белгілі екендігін, Ресей мен Қазақстан қалаларындағы франчайзилердің көптігін ескере келгенде, бұл сөз автосервис қызметтерінің тауар нарығына айтарлықтай әсер етіп, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 76-бабында тыйым салынған бәсекелестіктің бұзылуына әкелуі мүмкін еді. 

Еске сала өтсек, алдын ала сақтандыру ЕАЭО құқығындағы «жұмсақ реттеу» деп аталатын құрал болып табылады. Ол құқыққа 2021 жылы енгізілді.

Алдын ала сақтандыруды трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына соқтыратын жоспарланған мінез-құлық туралы жария мәлімдегені үшін жеке тұлға да, сол сияқты шаруашылық жүргізуші субъектінің лауазымды адамы да алуы мүмкін. 

Берілген алдын ала сақтандыруға түсіндірме жасай келіп, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов ұлтүсті реттеуші өз жұмысында бәсекелестік қағидаларын бұзудың салдарына қарсы күресіп қана қоймай, тәуекелді басқарудың ескертпелі жүйесін құруды мақсат тұтатынын атап өтті.