Жаңалықтар

16.09.2022

Электрондық транзиттік декларациялар бірыңғай құрылымға ие болады

Осы жылғы қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияда тұрақты жұмыс істейтін сарапшылық топ транзиттік декларациялардың сан алуан түрлерін транзиттік декларацияның бірыңғай құрылымына біріктіруге келісті.

Осы жылғы қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияда тұрақты жұмыс істейтін сарапшылық топ транзиттік декларациялардың сан алуан түрлерін транзиттік декларацияның бірыңғай құрылымына біріктіруге келісті. Мұндай біріктіру электрондық транзиттік декларацияларды жасау мен өңдеуді оңайлатады, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдары үшін декларациялау кезіндегі уақытша және қаржы шығындарын кемітеді.

Электрондық кеден құжаттары бизнес пен кеден органдарының ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде кеңінен қолдануға ие болды.

Электрондық транзиттік декларациялардың жаңа құрылымын әзірлеу және бекіту 2023 жылғы наурызға жоспарланып отыр.

Анықтама

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі өкімін орындау мақсатында ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаменті кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы электрондық құжат айналымын біріздендіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді.