Бет мазмұны4 сәуірде Брно
қаласында (Чех
Республикасы) «ЕАЭО елдері - Чех Республикасы: аграрлық саясат және аквамәдениетті дамыту» дөңгелек үстелінің отырысы
өткізіледі. Іс-шараны Халықаралық «TЕХАГРО-2016» көрмесінің (Брно қаласы, Чех
Республикасы, 3-7 сәуір 2016 ж) іскерлік бағдарламасының шеңберінде Еуразиялық
экономикалық комиссияның (ЕЭК) Агроөнеркәсіптік саясат департаменті чех
тарапымен бірлесіп ұйымдастыратын болады. Дөңгелек үстелдің өткізілуі
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің Чех Республикасымен
бірлескен агроөнеркәсіп саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталып
отыр.
ЕАЭО елдерінің,
сондай-ақ Чех Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Аграрлық
палатасының және балық өсіруші ұйымдарының өкілдері қатысады деп топшыланып
отыр.
Іс-шараға қатысу
Одаққа қатысушы елдердің халқын жоғары тағамдық құндылығы бар өнімдермен
қамтамасыз етуде аквамәдениеттің ерекше маңыздылығына байланысты ЕАЭО елдерінің
ауыл шаруашылығы министрліктерінің, салалық одақтардың және агробизнестің
өкілдерінің мүдделілігін ұсынады. Дөңгелек үстелдің өткізілуі үшінші елдермен
агроөнеркәсіп саласындағы, соның ішінде аквамәдениетті дамытудағы барынша
өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіншілік береді. Әсіресе, Чех
Республикасының балық өсіру саласындағы елеулі тәжірибелерін қарау жоспарланып
отыр.
Дөңгелек үстелдің
отырысына қатысуға шақырамыз.
Агроөнеркәсіптік саясат
департаментіндегі байланыс тұлғасы – агроөнеркәсіптік саясат, мемлекетаралық
бағдарламалар мен жобалар бөлімінің кеңесшісі Клементьева Алла Леонидовна, тел. +7 495 669 24 00 доб. 4852, электронды поштасы klementieva@eecommission.org.