Бет мазмұны16 желтоқсанда Еуразиялық
экономикалық комиссиясы (ЕЭК) БҰҰ Латын Америкасы мен Кариб бассейніне арналған
экономикалық комиссиямен (ЛАКЭК), сондай-ақ Ресей ғылым академиясы Латын Америка институтымен (РҒА
ЛАИ) әріптесе отырып, «Интеграцияны
дамытып, континенттерді біріктіріп» атты халықаралық дөңгелек үстелін өткізеді,
ол Еуразия және Латын америкасы өңірлері елдерінің интеграциялық жақындасу
бағыттарын талқылауға арналған.Бір жағынан, мемлекеттердің өңірлік
интеграциялық құрылымдарға бірігуінің объективтік үрдісі, екінші жағынан
өңірден тыс интеграциялық ынтымақтастықты кеңейту Еуразиялық экономикалық одақ
(ЕАЭО) пен Латын Америкасы және Кариб бассейні мемлекеттерінің тоғысу нүктелері
мен өңіраралық өзара іс-қимыл бағыттарын іздеу қажеттігіне байланысты болып
отыр. Еуразиялық және Латын Америкасы өңірлерінің
арасында интеграциялық диалогты орнату маңыздылығын назарға ала отырып, ЕЭК
сындарлы ынтымақтастық және өңіраралық өзара іс-қимылды жолға қою бойынша
қадамдар жасайды. Іс-шара мақсаттары1. ЕЭАО-ға мүше мемлекеттер мен Орталық және Оңтүстік
Американың интеграциялық блоктарына қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастық
бағыттарын талқылау;2. 3. сындарлы өңіраралық диалог құрудың ықтимал форматтарын
тұжырымдау;4. Латын Америкасы контингенті ішінде қазіргі интеграциялық
бірлестіктің өзара іс-қимылының соңғы үрдістерін талдау. Бағдарлама:1.
ЕЭК Интеграция
және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валоваяның кіріспе сөзі;2.
РҒА ЛАИ-дың
Латын Америкасындағы интеграциялық процестер мен Орталық және Оңтүстік
Американың интеграциялық өзара іс-қимылы саласындағы соңғы үрдістеріне арналған
таныстырылымы;3.
ЛАКЭК-тың МЕРКОСУР мен Тынық мұхиты Альянсы блоктарын біріктіру тақырыбына
таныстырылымы (телекөпір);4.
ЕЭК-тің ЕАЭО
мүше мемлекеттерінің макроэкономикалық дамуы және Латын Америкасы мен Кариб
бассейні елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективалары тақырыбына арналған
таныстырылымы.5.
сарапшылық
талқылау. Өткізу орны: Мәскеу қ., Летниковская көш., 2, 2-2-корп.Алқа залы (10-қабат).Өткізу уақыты: 15:00. Барлық ниет білдірушілерді дөңгелек үстел
шеңберіндегі бірлескен жұмысқа қатысуға шақырамыз. Өздеріңіздің қатысуларыңыз жөнінде Юлия Румянцеваға
+7(495)6692400 (өосымша 4698) телефоны арқылы немесе rumyanceva@eecommission.org поштасы бойынша 2016 жылғы 14 желтоқсанға дейінгі мерзімде растауды өтінеміз.Байланысатын адам: ЕЭК Макроэкономикалық саясат
департаменті келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезіндегі
ынтымақтастық бөлімі бастығының орынбасары Лариса Плачинда, тел.
тел. +7(495)6692400 (қосымша 4655), электрондық поштасының мекенжайы: plachinda@eecommission.org.