Жаңалықтар

11.11.2016

ЕАЭО елдерінің жас сарапшыларына, ғалымдары мен журналистеріне арналған «Күзгі мектеп» өз жұмысын аяқтап келеді

Бет мазмұны11 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Еуразиялық интеграция проблематикасын кәсіби тұрғыдан зерделейтін жас сарапшыларына, ғалымдары мен журналистеріне арналған «Күзгі мектеп» өз жұмысын аяқтайды. Оқытуды Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесі (РХІК) ұйымдастырды. Бағдарлама Еуразиялық экономикалық интеграцияның басымдықтары мен құралдарына арналған. 2016 жылы «мектептегі» оқыту тақырыбы–«ЕАЭО: интеграция әркім үшін. Әсерлер және 2025 жылға дейінгі перспективалар». Сабақтар бір апта ішінде өтті. Жобаның мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сарапшыларын, ғалымдары мен журналистерін Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысымен таныстыру, Еуразиялық экономикалық одақ қызметін дамыту бойынша интеграциялық процестер мен ұсыныстарды өзіндік пайымдауын қалыптастыруға ықпал ету. Мектептің жабылуында ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен РХІК бас директоры Андрей Кортунов сөз сөйлейді деп жоспарлануда.   ЕАЭО елдерінің БАҚ журналистерін 11 қарашада 12.00-де мектептің жабылуына, сондай-ақ ЕЭК пен РХІК спикерлерінің жария дәрістеріне қатысуға шақырамыз.   «Мектеп» жұмысының соңғы күні 11 қарашада 10.00-де саяси ғылымдар кандидаты, Ресей СІМ ММХҚИ интеграциялық процестер кафедрасының меңгерушісі Николай Кавешниковтың «Интеграцияны, ішкі өнім өсуін ынталандыру: ЕО тәжірибесі мен үздік практикалары. ЕАЭО үшін ұсыныстар» тақырыбына арналған дәрісімен ашылады.   11.00-де ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Антон Кудасов халықаралық ынтымақтастық, ЕАЭО-ның әлемдегі жайғасуы және Одақтың бәсекелестік артықшылықтары туралы дәріс оқиды.   Жария дәрістер мен «мектептің» жабылуы мына мекенжай бойынша өтеді: Мәскеу қаласы, Смоленск бульвары, 3/5-үй, ЕЭК баспасөз орталығы – 316 бөлме.   Аккредиттеу 11 қараша күні 10.00-ге дейін ашық.    Аккредиттеу үшін байланысу: ЕЭК баспасөз қызметінің қызметкері Юлия Назарова, е-mail:jnazarova@eecommission.org, тел. 8 (495) 669-24-00, қосымша 41-47.​