Жаңалықтар

13.10.2016

«ЕАЭО кеңістігіндегі қаржылық реттеу: проблемалар мен перспективалар» атты халықаралық конференция өтеді

Бет мазмұны13 - 14 қазанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультеті Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесе отырып, «ЕАЭО кеңістігіндегі қаржылық реттеу: проблемалар мен перспективалар» атты халықаралық конференция ұйымдастырады. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың аса маңызды ережелерінің бірі «Одақ шеңберінде ортақ қаржы нарығын құру және мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітушіліксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясын тереңдету» болып табылады. ЕАЭО үшін бұл базалық болып саналатын құжат, шын мәнінде, зерттеуші ғалымдардың алдында да, қаржы нарықтарының практикалары мен реттеуші органдардың алдында да жаңа міндеттер қояды. Ортақ қаржы нарығының жұмыс істеу мәселелері жоғары ғылыми және практикалық өзектілікті ие болып отыр: кім, қалайша, қандай реттілікпен оны құратын болады, ол қандай секторларды қамтиды, қандай қағидаттардың негізінде оны реттеу жүзеге асырылмақ. Конференция осы өзекті мәселелерді ЕАЭО елдерінің мүдделі мамандарымен кездесіп, талқылауға арналған алаң ретінде қаралып отыр. Іс-шараға қатысуға Одақтың академиялық және іскерлік қоғамдастықтарының, ұлттық және ұлтүсті реттеуші органдарының өкілдері шақырылады.