Күнтізбе

13.11.2015

ЕЭК Зияткерлік меншік бойынша консультативтік комитетінің отырысы

Бет мазмұны13 қарашада Астанада Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен ЕЭК Зияткерлік меншік бойынша консультативтік комитеттің отырысы өтеді. Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық комиссиясы қызметкерлерінің, ЕЭО мүше мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдарынан Консультативтік комитеті мүшелерінің қатысуымен ауқымды мәселелер қаралатын болады. Сонымен, тауар белгісіне айрықша құқықтардың аяқталу қағидатын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстарды әзірлеу бойынша ЕЭК әрекетін талқылау болжануда. Қазіргі уақытта Комиссия Кеңесінің тапсырмасы бойынша тауар белгісіне айрықша құқықтардың аяқталуының өңірлік қағидатын қолдануға тыйымдар орнатылуы болжанып отырған тауарларға қатысты, олардың жеке түрлерін іріктеу белгілері мен тәртібі бойынша ЕЭО мүше мемлекеттерімен келісілген ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЕЭО аумағында тауарлардың жеке түрлері үшін тауар белгісіне айрықша құқықтардың аяқталуының өңірлік қағидатын қолдануға тыйымдар орнатудың тетіктерін әзірлеу болжануда. Осындай шектеулерді орнату бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңесіне өкілеттік беруді қарастыратын ЕЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы, сондай-ақ тауарлардың жеке түрлерін іріктеу белгілерін анықтайтын және алуларды орнатудың ережелерін реттейтін Тәртіп жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, ЕЭК Консультативтік комитеті отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралатын болады: - ЕАЭО тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығарылған жерлерінің атауы туралы шарт жобасы бойынша мемлекетішілік рәсімдерді өткізу барысы туралы; - Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім жобасы бойынша мемлекетішілік рәсімдерді өткізу барысы туралы; - Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізілімі туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасы бойынша мемлекетішілік рәсімдерді өткізу барысы туралы; - 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕЭО туралы Шартқа қосылуына байланысты зияткерлік меншік саласында Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы қабылдаған міндеттерді орындау туралы; - ЕЭО мүше мемлекеттерінде өнеркәсіп өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы әрекет ету бойынша атқарушы билік органдары әрекетін үйлестіру бойынша Ресей Федерациясының ұсыныстары туралы; ЕЭО мүше мемлекеттерінде "Антиконтрафакт" Халықаралық форумын жыл сайынғы негізде өткізу туралы. Анықтама Зияткерлік меншік бойынша консультативтік комитет Комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №172 Шешімімен құрылды. Комитеттің негізгі міндеті зияткерлік меншік саласында Комиссия Алқасы үшін ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ ЕЭО мүше мемлекеттері өкілдерімен консультациялар өткізу болып табылады. Комитеттің төрағасы ЕЭКЭкономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовболып табылады. Комитет құрамына министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен басшылардың орынбасарлары және ЕЭО мүше мемлекеттері бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері кіреді. Комитеттің құрылған уақытынан бастап, Комиссия Алқасының жұмысы үшін зияткерлік меншік саласында, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірленді.