Жаңалықтар

07.12.2016

Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық семинар

Бет мазмұны7-8 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияда өсімдіктер карантині саласындағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық семинар өтеді. Семинарға ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков, Дүниежүзілік сауда ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, Өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенция Хатшылығының, Өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі Еуропа және Жер орта теңізі ұйымының өкілдері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуроодаққа қатысушы елдердің өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ ЕЭК Ақпараттық технологиялар департаментінің өкілдері қатысады. Семинарға қатысушылар өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдардың (ӨКҚҰҰ) әлемде электрондық фитосанитариялық серитфикаттарды әзірлеуі және қолдануы бойынша жағдаймен, оларды жекелеген елдерде қолдану тәжірибесімен танысады, Еуропалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау кезіндегі бақылау мәселелерін, соның ішінде карантинге жатқызылған өнімнің қадағаланып отыру элементтерін талқылайды. Бұдан өзге, семинарда ДСҰ өкілдерінің ДСҰ санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі келісімін қолдану мәселелері және ДСҰ Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі қызметі бойынша сөз сөйлеуі жоспарлануда.​