Бет мазмұны25 қарашада «Орынбор өңірі –
Еуразия кіндігі» халықаралық форумы шеңберінде «Тосқауылдарды, алып қоюлар мен
шектеулерді анықтау және жою – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ішкі
нарықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және шекара маңы мен өңіраралық
ынтымақтастықты дамыту тәсілі» атты дөңгелек үстел өтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия
дөңгелек үстелдің тең ұйымдастырушысы болып табылады.
Дөңгелек үстелдің жұмысына ЕЭК
Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаментінің директоры Илья Черный қатысады. Ол
ішкі нарықтардағы кедергілерді анықтау және жою туралы баяндама жасайды. Соның
ішінде ол Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерінің ішкі нарықтарында
тосқауылдар, алып қоюлар мен шектеулер анықталған және бөлісілген кезде
қолданатын әдіснамалық тәсілдемелер туралы, сондай-ақ өзара саудада проблемалық
жағдайлар болған кезде бизнес-қоғамдастықтың ЕЭК-ке жүгіну жөніндегі
мүмкіндіктері туралы айтып береді.