Күнтізбе

19.05.2016

КОСБЖ құру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы

Бет мазмұны2016 жылғы 19 мамырда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Мұқай Қадырқұловтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өткізіледі. Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссияның, ЕАЭО елдері мемлекеттік органдарының, сондай-ақ бүкіл еуразиялық «бестік» бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысады. Жұмыс іс-шарасы барысында ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер қаралатын болады. Сондай-ақ Жұмыс тобының мүшелері сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың бірыңғай сәйкестендіру жүйесін (КОСБЖ) құрудың мақсаттары мен негізгі қағидаттарын, КОСБЖ, бірегей сәйкестендіру кедендік нөмірі құрылымын және оны қалыптастыру қағидаларын талқылайтын болады. Жұмыс тобының бірінші отырысының қорытындысы бойынша жұмысқа сарапшылар кіріседі. Анықтама Жұмыс тобы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 35 шешіміне сәйкес құрылды. ЕАЭО кедендік аумағында КОСБЖ құру: - бір елдің шеңберінде ғана емес, тұтастай алғанда ЕАЭО шеңберінде де мүдделі тұлғаларды (соның ішінде, Одаққа кірмейтін мемлекеттер ішінен) бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз етуге; - алгоритмдерді оңтайландыруға және бүкіл жеткізу тізбегін талдау мүмкіндігін құру есебінен тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға; - кедендік мақсаттарда пайдаланылатын құжаттардың нысандарын, олардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматтарын оңайлатуға, сондай-ақ оларда қамтылатын мәліметтердің анықтығын арттыруға; - кедендік мақсаттарда пайдаланылатын құжаттарды электрондық түрде жинақтау, сақтау және өңдеу үшін қажетті деректер көлемін азайтуға; - Одақ тараптарының кедендік және өзге де қызметтері арасында электрондық өзара іс-қимылды елеулі түрде оңайлатуға мүмкіндік береді. Жұмыс тобы қол жеткізу үшін КОСБЖ құрылатын мақсаттарды және оны құру жөніндегі міндеттерді нақтылайды. Одақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға КОСБЖ ықпалын бағалау және КОСБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының шығыстарын бағалау жүргізілетін болады.