Жаңалықтар

28.10.2016

ЕАЭО шеңберінде кедергілерді анықтау және жою бойынша мүдделі тұлғалармен өзара ақпараттық іс-қимыл жасау жүйесі

Бет мазмұныЕуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара саудасындағы кедергілерді айқындау және жою  жұмысының тиімділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия электрондық ресурс жасамақ, оның көмегімен кәсіпкерлер Комиссиямен өзара іс-қимыл жасай алады. «Еуразиялық апта» форумы шеңберінде бұл ресурстың – ЕАЭО шеңберінде кедергілерді анықтау және жою бойынша мүдделі тұлғалармен өзара ақпараттық іс-қимыл жасау жүйесінің интерактивті таныстырылымы өтеді, таныстырылымнан ЕЭК-ке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасындағы кедергілер туралы өтінішті тиісті электрондық ресурс арқылы қалай беруге болатыны жөнінде білуге болады.  Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің өкілі баяндама жасайтын болады.  Еуразиялық одақ нарығында кедергілерді (тосқауылдарды) анықтау және жою  - тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен еңбек ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін шешу қажет аса маңызды міндеттердің бірі.