Бет мазмұны28 қазанда 10:00-де «Еуразиялық апта» форумы
шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік
емес реттеу департаменті ұйымдастырушысы болған «ЕАЭО аумағында
RFID-технологияларды дамыту перспективалары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел
өтеді.
Іс-шара Еуразиялық экономикалық одақ аумағында
RFID-технологиялардың қолданылуын кеңейтуге бағытталған.
Тауарларды таңбалау тұтыну тауарлары айналымын
бақылаудың анағұрлым тиімді құралы болып табылады.
Тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске
асыру тәжірибесі RFID-сәйкестендіру тетігін пайдалану таңбалаудың озық әдісі
болып табылатындығын көрсетті.
Тауарларды таңбалау кезінде RFID-технологияларды
қолданудың даусыз артықшылықтары мен басқа тауар топтарына тарату
перспективалары бар. Сонымен бірге аталған технологияның негізгі кемшілігі –
салыстырмалы түрдегі жоғары құны екенін атап өту қажет.
Дөңгелек үстел Одақ елдері мемлекеттік органдарының,
бизнес-қауымдастықтардың, ақпараттық жүйелерді әзірлеуші ұйымдардың, сондай-ақ
бақылау белгілері эмитенттері мен RFID-ендер өндірушілердің өкілдері арасындағы
коммуникациялар үшін алаң болмақ. Дөңгелек үстел шеңберінде пилоттық жобаны
іске асыру тәжірибесін ескере отырып, тауарлар айналымын мемлекеттік реттеуде
бақылау белгілерімен таңбалау рөлін, сондай-ақ Одақта RFID-технологияларды
дамытуға қатысты негізгі мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар пікірталас шеңберінде Одақ аумағында
RFID-ендер өндірісінің толық тізбегін және есептеуіш құрылғыларды енгізу туралы
мәселе талқылауға ұсынылады.
Анықтама
2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден
жасалған киім заттары, киім-кешек керек-жарақтары мен басқа да бұйымдар» тауар
позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды
енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісім
2016 жылғы 12 тамызда күшіне енді.