Бет мазмұныІс-шара
мақсаты бүгінде Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі нарықтардағы жұмыста ЕАЭО
экспорттаушылары үшін мүмкіндіктермен және қиындықтармен қатар, онда қалыптасып жатқан сауда
қағидаларын, оларды сауда келісімдерінің келешектегі тоғысуын пайдалана отырып,
жеткізулер тізбегін құруға қатыстыру мүмкіндіктерін бағалауды, ЕАЭО мүше
мемлекеттері мен Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің іскерлік қоғамдастығы
арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуды қарау болмақ
Іс-шараға
Еуразиялық экономикалық комиссияның, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының,
Ресей-Америка Іскерлік Кеңесінің, Вьетнамның, Қытайдың және т.б., сондай-ақ
ЕАЭО мүше мемлекеттердің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатыспақ.
Іс-шараның күн тәртібінде – Азия-Тынық мұхиты өңірінде
(TPP, RCEP, АТЕСА) аяқталған және алдағы перспективалық сауда мәмілелері, ТрансТынық
мұхиты әріптестігінде бизнеске арналған перспективаларды және үшінші елдердің
нарықтық мүмкіндіктерін, «Бір белдеу - бір жол» Қытай тұжырымдамасын, құн құрау
тізбегін қалыптастыру үшін ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы Еркін сауда туралы
келісімді пайдалану кезінде бизнестің мүмкіндігін айқындау, Жан-жақты өңірлік
экономикалық әріптестік үшін Шығыс Азия орталығындағы еркін сауда туралы
келісімдер рөлі және т.б. мәселелері
болды.