Бет мазмұны22 - 24 қараша кезеңінде Ереванда Армения Республикасы Үкіметінің, Еуразиялық
экономикалық комиссияның және Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда
министрлігінің қолдауымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау проблемаларына,
өнеркәсіп өнімінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға арналған Төртінші «Антиконтрафакт-2016» халықаралық форумы өтеді.
«Антиконтрафакт» форумы Еуразиялық экономикалық
одақтағы тұрақты орталық пікірталас алаңы болып табылады. Мұнда мүше
мемлекеттердің өкілдері, ірі халықаралық компаниялар мен ұйымдардың басшылары,
осы саладағы жетекші халықаралық сарапшылар өркениетті нарықтарды өнеркәсіптік
өнімнің заңсыз айналымынан, соның ішінде контрафактілік және қолдан жасалған
өнімнен қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларын
талқылай алады.
Форумның негізгі мақсаттары сындарлы диалог
ұйымдастыру және тауарлар мен қызметтер көрсетудің өркениетті нарығын
қалыптастыру мақсатында мүше мемлекеттер, бизнес қоғамдастықтар, ғылым мен
жұртшылық өкілдерінің бірлескен шешімдерін тұжырымдау болып табылады.
Форум шеңберінде кедендік, техникалық реттеу және
сертификаттау, кадрлық әлеуетті қалыптастыру, мүше мемлекеттердің өнеркәсіп
өнімінің заңсыз айналымы саласындағы заңнамасын үндестіру, зияткерлік қызмет
нәтижелері құқықтарын, тұтыну нарығын қорғау мәселелері қаралатын болады. Оған
қоса жастар секциясы өтпек.
Форумға қатысуға мүдделі ведомстволардың, қоғамдық
бірлестіктердің және кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ бейінді салалардағы
сарапшылар шақырылады.
Форум БАҚ-та, шетелдік баспасөзде кеңінен
жарияланбақ.
ЕЭК Төртінші «Антиконтрафакт-2016» халықаралық форумының
жұмысына қатысуға барлық мүдделі тұлғаларды шақырады.
Ұйымдастыру мәселелері бойынша егжей-тегжейлі
ақпарат www.anti-counterfeiting.ru сайтында қолжетімді немесе: +7 (495)
911-71-93 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Факс: +7 (495) 911-74-41.
Моб.: +7 (926) 096-61-41.