Жаңалықтар

31.10.2016

Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы

Бет мазмұны 31 қазанда  Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорскийдің төрағалығымен Агроөнеркәсіптік саясат департаменті Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің он екінші отырысын өткізеді.Отырысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің министрліктерінің, ведомстволарының, сарапшылық және бизнес қоғамдастықтарының, салалық одақтары мен қауымдастықтарының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.Отырыста мынадай мәселелер талқыланады деп белгіленуде: - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің АӨК саласында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінің жобасы - «ЕАЭО мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің экспорттық әлеуетін дамыту саласындағы келісілген іс-қимылдары туралы» ЕЭК Алқасы ұсынымының жобасы - «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми және инновациялық қызметін үйлестіру туралы» ЕЭК Алқасы ұсынымының жобасы - «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ауыл шаруашылығын  мемлекеттік қолдау саласындағы  бұзушылығы жағдайында  өтемақы төлеу тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасы туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы  өкімінің жобасы Өткізілетін орны: Мәскеу қаласы, Летниковская көшесі, 2-үй, 2-құр.,С корпусы, С-1022 каб. Басталуы: 14.00. ​ ​