Жаңалықтар

18.10.2022 (Обновлено: 25.10.2022 12:54)

ЕАЭО-дағы ойыншықтар заманауи әрі қауіпсіз болады.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Cтандарттар тізбесіне, сондай-ақ «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Стандарттар тізбесі ЕЭК жүргізген тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша жасалған және аттестатталған ойыншықтардың материалынан капролактамның, бензапиреннің және ацетофенонның деңгейін айқындау әдістемелерімен толықтырылды. Осы әдістемелерге сынақ зертханаларын дайындау және аккредиттеу мақсатында шешімде оларды 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану көзделген.

Әдістемелер мәтіні Комиссияның ресми сайтындағы «ҒЗЖ нәтижелері» тарауында орналастырылған.

Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына енгізілетін өзгерістер қолданыстағы бағдарламаның 90% - ға орындалуына байланысты дайындалды және 18 мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді немесе қайта қарауды көздейді, оның 11-і халықаралық және өңірлік стандарттардың (ISO, IEC және EN) өзекті нұсқаларының негізіндегі, ал 2-уі ҒЗЖ аясында Комиссия әзірлеген және тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленгенге дейін оларды қолдану талабымен осы жылдың қаңтар айындағы техрегламенттің Стандарттар тізбесіне енгізілген бутадиен мен хлорбензолдың көшу деңгейін айқындау әдістемелері негізіндегі стандарттар.