Жаңалықтар

19.09.2023

ЕАЭО бойынша тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы тамызда жылға шаққанда 105,9% құрады

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы тамызда 2023 жылғы шілдемен салыстырғанда 100,3%, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,9% , 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 105,9% құрады.

2022 жылғы тамызбен салыстырғанда ЕАЭО-да ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы айтарлықтай (9,8%) өсті. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 4,5%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,7% өсті.

Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсуі Қазақстанда (12,4%) және Қырғызстанда (7,5%) тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының мейлінше көп артуы Қырғызстанда (14,6%) және Қазақстанда (13,5%), ақылы көрсетілетін қызметтер бойынша артуы Қазақстанда (13,9%) аталып өтті.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Тұтыну бағаларының индексі туралы» бөлімде берілген.