Жаңалықтар

01.07.2022 (Обновлено: 12.07.2022 12:00)

2022 жылғы мамырда ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексі 93,5% құрады

ЕАЭО бойынша өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексі мамырда 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 93,5%, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 109,1% құрады. 

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының өсуі негізінен, олардың өңдеуші өнеркәсіпте ұлғаюы (10,5%) есебінен болды. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді дайындауда өндірушілер бағасы 8,3% артты, баға «электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» қызмет түрлері бойынша – 1,8%, «сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау» қызмет түрлері бойынша 0,6% артты.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бағалары» бөлімінде берілген.