Жаңалықтар

12.11.2021 (Обновлено: 03.03.2022 12:00)

ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 12 қарашадағы отырысында ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті. Құжат 2025-ӨЫНБ-да бекітілген барлық алты бағыт бойынша тиісті іс-шаралар тізбесін кірістіреді.

Сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған өнімді әкелудің жаңа Тәртібі бекітілді.

 

ЕЭК Кеңесі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасын мақұлдады. Өзгерістер Одақ құқығында «электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер» терминін және осындай көрсетілетін қызметтер кезінде ҚҚС төлеу тәсілдерін беркітеді. Құжат қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында тараптарға жіберілетін болады.

Оларды қолданудың ықтимал тәуекеліне байланысты медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйесін ендіруге, қолдауға және бағалауға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді. Өзгерістер қашықтан өзара іс-қимыл жасау құралдарын пайдалана отырып өндірісті инспекциялау нысанында сапа менеджменті жүйесіне бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл төтенше жағдаяттар немесе эпидемиялық аурулардың таралу қатері кезінде медициналық бұйымдарды нарыққа шығару мүмкіндігін іске асыру, сондай-ақ медициналық бұйымдардың ортақ нарығында өнім тапшылығын алдын ала ескерту үшін қажет.

 

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 2 желтоқсанда Мәскеуде көзбе-көз форматта өтеді.