Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде 17 наурызда Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің көзбе-көз отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім жобасы оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуге жіберу мақсатында мақұлданды.
ЕЭК Кеңесі медициналық қолдану үшін дәрілік заттарды тіркеу және сараптамасы қағидаларына өзгерістер енгізді, медициналық бұйымдарға техникалық сынақ жүргізу қағидаларының және олардың биологиялық әсерін бағалау үшін зерттеулер жүргізу қағидаларының жаңа редакциясын бекітті.
ЕЭК Кеңесі Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына №1 қосымшаны тағы да 52 тауар позициясымен толықтырды.
ЕЭК Кеңесі албырт балық пен бақтақтың шабақтарына арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкаларының қолданылу мерзімін қоса алғанда 2024 жылға 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа ұзартты.
ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы» жаңа мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі тауарлардың дамушы және азырақ дамыған елдерден шығарылуын құжат түрінде растау рәсімін оңайлату туралы шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі тасымалдаушылар таситын немесе пошта жөнелтілімдеріндегі жеке тұлғаларға арналған тауарлардың бажсыз әкелімінің шегін 1000 еуроға дейін көтеруге шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі азық-түлік тауарлары мен олардың өндірісінде пайдаланылатын тауарларды кедендік әкелу бажынан алты айға босату туралы шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі ЕЭК Алқасына ЕАЭО мемлекеттермен бірлесіп, ішкі нарықтардың орнықтылығын қамтамасыз ету механизмдері бойынша ұсыныстарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін ЕАЭО аумағынан тыс әкетуге қатысты бірлескен шаралар енгізу мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 15 сәуірде Мәскеуде көзбе-көз форматта өтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар:
· «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімнің жобасы туралы» өкім.
· «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.6.6-тармағына өзгерістер енгізу туралы» өкім.
· «Еуразиялық ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы» мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлеу туралы» өкім.
· «Еуразиялық үкіметаралық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимылының бағдарламасы туралы» өкімінің жобасы туралы» шешім.
· «Медициналық бұйымдарға техникалық сынақ жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалау үшін зерттеулер (сынақтар) жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөлімінің 11-тармағына өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Балықтың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкаларын белгілеу және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгеріс енгізу туралы» шешім.
· «Ағаш сүрегінің жапырақты тұқымдарынан алынған жартылай ағартылған және ағартылған целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгеріс енгізу туралы» шешім.
· «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына №1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақтың рәміздемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы» шешім.
· «Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешіміне атом станциялары үшін жылу бөлетін құрастырулар өндірісіне арналған жиынтықтаушыларға қатысты өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Макроэкономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ сыртқы сын-қатерлерге орнықтылықты қамтамасыз етуді қоса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасының ішкі орнықтылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобы туралы» өкім.
· «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына №1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шыққан жерін растау рәсімін оңайлату туралы» шешім.
· «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды (кедендік-тарифтік реттеу бөлігінде) іске асыру туралы» шешім.
· «Медициналық қолдану үшін дәрілік заттарды тіркеу мен сараптамасы қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» шешім.
· «Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы» өкім.
· «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім.
Басқа да бірқатар тапсырмалар қабылданды.
ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы шешімдері мен өкімдері таяу уақытта Құқықтық порталға орналастырылатын болады.