Жаңалықтар

14.12.2022 (Обновлено: 28.12.2022 12:01)

2022 жылғы 14 желтоқсандағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

14 желтоқсанда Мәскеуде Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Касымалиевтың төрағалық етуімен, ЕЭК Кеңесі мүшелерінің және ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы қорытынды отырысы көзбе-көз форматта болып өтті.

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ құқығына сәйкес медициналық бұйымдарды тіркеуге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жол картасын) бекітті.

ЕЭК Кеңесі шұғыл фитосанитариялық шаралар енгізу бойынша ЕАЭО туралы шартқа өзгерістерді мақұлдады.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның биологиялық қауіпсіздік стратегиясының жобасымен жұмыс барысын қарады. Бұдан бұрын белорус тарапы осындай бастама көтерген еді. Комиссия Кеңесі консультацияларды жалғастыруды тапсырды.

ЕЭК Кеңесі ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын осы саладағы референттік зертханаларға (орталықтарға) қойылатын бірыңғай талаптармен толықтыру туралы шешім қабылдады.

ЕЭК Кеңесі «БЕЛАЗ» ААҚ жүзеге асыратын карьер техникасы өндірісі үшін дизель қозғалтқыштарына арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Вице-премьерлерге ЕАЭО-да бірлескен бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру механизмдері бойынша ұсыныстар берілді.

ЕЭК Кеңесі Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларын, люстраларды, үтіктерді, микротолқынды пештерді, кофе немесе шай дайындауға арналған электр приборларын, матрастарды, электр су жылытқыларын, шаңсорғыштарды, шлагбаумдарды, микроскоптарды және басқаларды қоса, 81 тауар позициясымен толықтырды.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен Комиссияның ЕАЭО мемлекеттерінің мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюларды белгілеу туралы актілерін қабылдау жайындағы хабарламаларын қарау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Түзетулер өткен жылы Комиссия Кеңесі бекіткен алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі жол картасын іске асыру мақсатында қабылданды.

ЕЭК Кеңесі мүлікті бағалау объектілерінің салғастырмалы тізбесі туралы ұсыным қабылдады. Салғастырмалы тізбе ЕАЭО-ның әрбір мемлекетіндегі тиісті объектілерге қатысты мүлікті бағалау жүргізуге құқық беретін рұқсатты көрсете отырып, мүлікті бағалау объектілерін кірістіреді. 

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 2023 жылғы 20 қаңтарда Мәскеуде көзбе-көз форматта өтеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар

- "Ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы" шешім.

- "Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне өзгеріс енгізу туралы" шешім.

-"Медициналық бұйымдарды тіркеу және қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптау қағидаларына сәйкес медициналық бұйымдарды тіркеуді жүзеге асыруға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") бекіту туралы" өкім.

- "Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы" өкім.

- "Тиісті объектілерге қатысты мүлікті бағалау жүргізуге құқық беретін рұқсатты көрсете отырып, мүлікті бағалау объектілерінің салғастырмалы тізбесі туралы" ұсыным.

- "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешім.

- "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаты үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы" шешім.

- "Еуразиялық экономикалық одақтың бірлескен бағдарламалары мен жобаларын қаржыландыру механизмдері бойынша ұсыныстар туралы" өкім. 

- "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы" ("ІІІ Үлкен" хаттама жобасы) өкім.

- "Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюларды белгілеу туралы актілерін қабылдау жайындағы хабарламаларын қарау тәртібіне өзгерістер енгізу, мүше мемлекеттердің мұндай актілердің күшін жою мәселелері бойынша өтініштері, сондай-ақ Комиссияның мұндай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауы туралы" шешім. 

- "Іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын қолдану мерзімін ұзарту туралы" шешім.

- "Әзірлеушілер уәкілеттік берген тұлғалардың бірыңғай тізілімін қалыптастыруға орайлас тәсілдемелер туралы" өкім.