Жаңалықтар

09.07.2024

Одақтың «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесі өзгертілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді.

Стандарттар тізбесі жеті мемлекетаралық стандартпен толықтырылған, үш стандарт 2023 жылғы жаңа версиясымен ауыстырылған.

Өзгерістерді қолдануға бейімдеу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу мақсатында жобада тізбеге жаңадан енгізілетін стандарттардың 2025 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданылмайтыны көзделген.